Педагог-дефектологтың ІI-жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының ЕСЕБІ. » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-дефектологтың ІI-жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының ЕСЕБІ.
15
июнь
2022

Педагог-дефектологтың ІI-жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының ЕСЕБІ.

«Алматы облысы білім басқармасының
 Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»
 «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен»КММ-сі







 
 
  Педагог-дефектологтың  
ІI-жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының

ЕСЕБІ.















2021-2022 оқу жылы



       Мектептегі дефектологиялық қызметтің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың интеллектуалдық және сенсорлық дамуындағы ауытқулардың алдын алу, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы білім беру. Міндеті: Дамуында ауытқушылығы бар  балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне  байланысты қолдану.Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету.Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта  құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.

      Мектептегі дефектолог жұмысының негізгі бағыттары: диагностика, коррекция және дамыту, ағарту және кеңес, алдын-алу жұмыстары бойынша жүргізіледі. 


Қаңтар айында 

  • Көру ,есту, сөйлеу қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға психологиялық көмек көрсетілді.

 

  • Бастауыш сынып оқушылары мен «Оқушының есте сақтауын тексеру» жаттығуы жүргізілді.

 


7-8 ші сыныптарға "Біз өмірді қолдаймыз!" 

                                 тақырыбында баяндама оқылды!


 



  • Әр бір баланың психикалық даму ерекшеліктері мен білім, білік машық қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық тексеруден өткізілді.


Ø Әр сыныптың сабақтарына жекелей қатысып оқу үлгерімі жағынан,тіл кемістігі жағынан, оқушылардың жалпы психологиялық ахуалы қадағаланды. 

Ø Жалпы жылдық,айлық,апталық жоспарлар бойынша жұмыстар атқарылды. Дефектолог жұмысының цыклограммасы жасалды. 

Ø Осы жүргізілген зерттеулер қортындысы әр сыныптың ата аналар жиналысында талқыланды.

Ø 5а 5б сынып оқушыларының 10-11 жастағы балалардың жеткіншектік даму кезеңіне түскенін ескеру, қарым қатынастың дамуындағы психологиялық даму деңгейінің жоғарлауы, оқушылардың пәндік бейімделуіне назар аударып жағдай жасау , орта буынға бейімделуі, жаңа мұғалімдерге бейімделуін анықтау мақсатында психологпен бірлескен жұмыстар жүргізілді.


 


Ақпан айында 

  • Оқушылардың даму динамикасының ерекшеліктерін анықтау мақсатында сабақ барысында бақыланды. 
  • Жеке  кеңес беру. Әр ата-ананың жекелей сұрақтарын кеңес беру.  
  • 3 А сынып оқушыларымен Наурыз-Көктем тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді.

 



  • Баланың мәселелерін кешенді түрде зерттеу қажеттіліктерін командалық   бағалау арқылы анықталды.
  • Бастауыш сынып оқушыларымен «Кел бірігейік» жаттығуы жасалды.

 

  • Педагог-дефектолог өз білімін көтеру. Іздену.Ашық сабақтарға қатысып біліктілігін жетілдірді.

Ø Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізілді;

 




Наурыз айында 

  • Оқушылардың даму динамикасының ерекшеліктерін анықтау мақсатында сабақ барысында бақыланды.
  • Бала дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып , жеке дамыту бағдарламасын жүргізілді.

9-10 сынып оқушыларымен  «Сиқырлы музыка»  жаттығуы жасалды.

 

Бастауыш сынып мұғалімдерімен байланыс орнатылып.Кеңес берілді.


 





Сәуір айында 

  • Әр тоқсан сайын түзету-педагогикалық жұмысқа түзетулер енгізілді.
  • Отбасы жағдайында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарына кеңестер берілді. 
  • Бастауыш сынып оқушыларымен «Сыйқырлы саусақтар » жаттығуы жасалды.
  • Педагогтармен,психологпен,мектеп медбикесімен тіл кемістігі бар балаларға ортақ көмек көрсететілді
  • Ата-аналарға психологпен бірлесіп кеңес берілді. 
  • Мұғалімдерге психологпен бірлесіп кеңес берілді.


Мамыр айына 

  • Даму динамикасын және жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушылары диагностикалық тексеруден өткізілді.
  • Жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтау арқылы балаларға көмек көрсетілді.  

Ø Ерекше білім қажет ететін балаларды оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану игерілді.

  • Жалпы ата-аналар жиналысына қатысу; 
  • Баяндама оқу, түсінік жұмыстарын жүргізу;











Педагог-дефектолог: Адыбаева.С

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru