МО Дене шынықтыру жылдық есеп » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
июнь
2022

МО Дене шынықтыру жылдық есеп

І.Жансүгіров атындағы орта мектеп МДШО 

Базаркелді бастауыш мектебімен КММ сі


Дене шынықтыру ӘБ   музыка, көркем еңбек , АӘД бойынша 2021-2022 ж  жылдық атқарылған жұмысы туралы есеп.


Біздің ӘБ те 10 адам бар 1. Гаитов А.А -жоғары білімі, екінші  санаттағы мұгалім , еңбек өтілі 30 жыл дене шынықтыру пәнінен сабақ береді ; 2.Абдуваитов Қ.С – жоғарғы білімді бірінші санаттағы мұғалім, еңбек өтілі 24 жыл дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. 3. Сары Е.Е -жоғарғы білімді , педогог-модератор санаты бар , еңбек өтілі жыл дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. 4. Абишев М.Б – жоғарғы біліміді , санаты жоқ, еңбек өтілі 2 жыл дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. 5. Айсақан Е.Ғ -– жоғарғы біліміді , санаты жоқ , дене шынықтыру пәнінен сабақ береді 6. Мукушева Ж.Т- білімі жоғары , жоғарғы санатты мұғалім еңбек өтілі 34 жыл көркем еңбек пәнінен сабақ береді. 7. Турекулов Д.А- жоғарғы білімді , бірінші санаттағы мұғалім, еңбек өтілі 15 жыл көркем еңбек пәнінен сабақ береді. 8. Омирзаков А.О - жоғарғы білімді  санаты жоқ ,еңбек өтілі 6 жыл АӘТД пәнінен сабақ береді.

9. Бодиков Р- білімі жоғары ,санаты жоқ,еңбек өтілі 11 жыл музыка пәні мұғалімі.

10. Сулейменова Г.С жоғарғы білімді, санаты педогог-модератор , 11 еңбек өтілі бар музыка пәні мұғалімі.

Біздің ӘБ 2021-2022 ж жылдықта облыстық, аудандық жарыстарға қатысып , келесі іс-шараларды өткізілді:

1. 20-25.10.21 ж Қапшағай қаласында волейболдан 2007-2008 ж ұлдар арасында өткен   облыстық жарыста 5 ші орын алдық 

2. 16.11.21 ж Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында волейболдан өткен аймақтық   жарыста  5-6 шы сынып ұлдар ар. 1 ші орын алдық.

3. 17.11.21 жЕңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында волейболдан өткен аймақтық   жарыста  5-6 шы сынып қыздар ар. 1 ші орын алдық

4. 20.11.21 ж Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында волейболдан өткен аудандық жарыста (финал)  5-6 шы сынып қыздар ар. 3 ші орын алдық 5. 23.11.21 ж Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында волейболдан өткен аймақтық  жарыста 7-8  ші сынып ұлдар ар. 1 ші орын алдық 

6. 26.11.21 ж Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында волейболдан өткен аудандық жарыста (финал)  7-8  ші сынып ұлдар  ар. 1- ші орын алып Аудан чемпионы болып облысқа жолдама алдық 

7. 24.11.21 ж Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында волейболдан өткен аймақтық   жарыста  7-8  ші сынып қыздар ар. 2 ші орын алдық 

8. 30.11.21 ж Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында волейболдан өткен аймақтық  жарыста 9-11 ші сынып ұлдар ар. 2 ші орын алдық

.3.12.21 ж Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында баскетболдан  өткен аймақтық  жарыста 5-6  шы сынып ұлдар ар. 3 ші орын алдық 

10. 4.12.21 ж   Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында баскетболдан  өткен аймақтық  жарыста 5-6   шы сынып қыздар ар. 2 ші орын алдық 

11. 14.12.21 ж Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында баскетболдан  өткен аймақтық  жарыста 7-8   ші сынып ұлдар ар. 3 ші орын алдық 

12. 21.12.21 ж Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында баскетболдан   өткен аймақтық  жарыста 9-11  ші сынып ұлдар ар. 3 ші орын алдық 

13. 22.12.21 ж Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында баскетболдан  өткен аймақтық  жарыста 9-11  ші сынып қыздар ар. 2 ші орын алдық 

 «Дені саудың жаны сау»атты мақсаттары мен міндеттерін ұстанған 2-4 сынып, 9 шы және 11 сыныптар арасында денсаулық фестивалі өтті. Іс-шара суретке тусіріліп , слаид жасалды. Оқушылар арасында спорттық тақырыпта жарастар өткізілді , сонымен қатар спорттық қолөнер сайысыда өтті және 2-4 пен 5-сыныптар арасында спорттық эстафеталар өтті, ал 9-11 сыныптарда жалпы дене шынықтыру жаттығулары «Мықтылар-күштілер» сайысы өтті- «кермеде тартылу,100 м ге жүгірі және эстафета 4х100»

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай салауатты өмір салтын насихаттауда  мектеп Ұстаздары арасында волейболдан жарыс өткізіліп 1-2-3 ші орын алған командалар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен және үздік ойыншылар анықталып арнайы сыйлықтармен марапатталды.  АӘТД және Еңбек пен Музыка пәні мұғалімдері өз пәндері бойынша фотосуреттер мен слайдтарды растайтын ашық сабақтар өткізді . Жұмыста ұсақ кемшіліктер болды , олар әрі қарайғы жұмыста жойылады.   


1. 06-10 сәуір 2022 ж күндері Жаркент қаласында волейболдан 2007-2006 ж ұлдар арасында Алматы облысы чемпионатына қатыстық.

2. 08.04.2022ж ж Еңбекшіқазақ ауданы «Мектеп лигасы»аясында футболдан  өткен аймақтық  жарыста 7-8  ші сынып ұлдар ар. 4 ші орын алдық

2. 11.04.2022ж Апталықтың ашылуы, барлық оқушылар сапқа тұрғызылып апталықтың жалпы ережелерімен таныстырылып өтті (1ші 2 ші ауысым)

3. 12.04.2022 ж 5-6 сыныптар арасында « шағын футбол » ойынынан жарыс  өтті ,ойын өте тартысты болды  нәтижесінде 5 А сынып 1 ші орын , 6 А сынып 2 ші орын , 5 Б сынып 3 ші орын иеленді.

4. 13.04.2022ж 7-8 ші сыныптар арасында « волейбол » ойынынан жарыс ұйымдастырылды  , жарыс жоғарғы деңгейде өтті нәтижесінде 7 А сынып 1 ші орын, 7 Б сынып 2 ші орын, 8 Б сынып 3 ші орын алды.

5. 14.04.2022ж 9-11 ші сыныптар арасында дене шынықтыру бойынша жалпы дайындық ,жеңіл атлетика түрлері 100 м жүгіру ,кермеде тартылу және  16 кг  гір тасын бастан асыра көтеру сайыстары болып өтті , нәтижесінде барлық сайыста 10 А сынып 1 ші орын , 10 Б сынып 2 ші орын , 9 А сынып 3 ші орынды иеленді.

6. 14.04.2022ж Көркем еңбек пәні мұғалімі Мукушева Ж. Т   5 А сыныппен «Көкөністермен мен жемістерді турау» тақырыбында ашық сабақ өткізді

сабақ барысында турау түрлерінен шеберлік өнері көрсетіліп оқушылар көкөністер мен жемістерді турау өнерін меңгеріп шықты

7. 14.04.2022ж Музыка пәні мұғалімі Сулейменова Г. С  4 В сыныбымен «Природное явления воздух» тақырыбында ашық сабақ өткізіп табиғаттағы түрлі дыбыстармен музыканы байланыстыру әдістері қарастырылып пысықталды.

8. 15.04.2022ж Музыка пәні мұғалімі Бодиков Р. 5 А сыныппен «Қазақстан халқының музыкасы» тақырыбында ашық сабақ өткізіп Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен олардың шығу тарихымен таныстырып өтті

9. 15.04.2022ж Еңбек пәні мұғалімі Турекулов Д.А  6 А сыныбымен «Электр схемаларының шартты белгілері мен танысу, Электр тізбектері» тақырыбында ашық сабақ өткізді сабақ барысында электр тоғын қалай пайдалану керектігін тәжірибе жүзінде жасап көрсетіп қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті 

10. 15.04.2022ж Апталықтың жабылуы , өткізілген жарыстар және  ашық сабақтар қызықты әрі жоғарғы деңгейде өтті деп бағаланды , жақсы нәтиже көрсеткен барлық сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды

11.   16.04.2022ж  «Спорт денсаулық кепілі»атты мақсаттары мен міндеттерін ұстанған 2-3-4 сынып, 5-6 шы және 7 - 11 сыныптар арасында денсаулық фестивалі өтті. Іс-шара суретке тусіріліп , слаид жасалды. Оқушылар арасында спорттық тақырыпта жарастар өткізілді , сонымен қатар спорттық қолөнер сайысыда өтті және 2-3-4  сыныптар арасында 60 м қашақтыққа жүгіру өтті, ал 5-6 шы сыныптар арасында «Шағын футболдан»жарыс болып өтті 7-11 сынып ұлдар арасында   керемеде тартылу сайысы өтті, және 7-11 сыныптар арасында спорттық ойын волейболдан жарыс болды сондай ақ баскетбол ойынынанда жарыс болып өтті. Жақсы нәтиже көрсеткен сыныптар , оқушылар , командалар мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.

12. 20-24 сәуір күндері Жаркент қаласында волейболдан 2008-2009 ж ұлдар арасында Алматы облысы чемпионатына қатыстық

13. 23.04.2022ж 1-мамыр Бірлік күні мерекесіне орай және жас волейболшымыз Воробьева Янаның құрметіне ұйымдастырылған 5-6 шы сыныптар арасында волейболдан аймақтық жарыс өтті. Жарыс жоғарғы деңгейде өтіп 1-2-3 ші орын алған командалар және үздік ойыншылар анықталып арнайы кубок , медаль , дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

14. 16.05-18.05.2022ж күндері аралығында 7-8 сынып ұлдар арасында Қарасай ауданында «Ұлттық мектеп лигасы » аясында «Шұбар доп» облыстық жарысында жүлделі 2 ші орын алып кубок ,медаль және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталдық.



                      ӘБ Жетекшісі                        Сары Е.Е

o

oo

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru