Азаматтық-патриоттық тәрбие іс-шаралары » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
август
2022

Азаматтық-патриоттық тәрбие іс-шаралары

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие бойынша

қаңтар айында атқарған  жұмыстары жөнінде мәтіндік есебі

«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылына арналған мектепшілік жоспарына сәйкес Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбиенің мақсаты жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. Мектеп кітапханасында директордың ТЖО мен кітапханашы бірлесіп «Адамгершілік – басты адами қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.



«Діни экстремизм және терроризм»

Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;

Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.

Жоспары:

1.Терроризм ұғымына, түрлеріне, қай уақытта пайда болғанына түсінік беру.

2.Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен? (Пікірталас)

3. Террористік ұйымдар мен діни секталардың таралуы.

Директордың ТЖО К.Абдуваитов сөзі:

  • Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.
  • Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
     Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.

І. Ой қозғау.

  • Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
  • Террорлық іс-әрекеттерден зардап шегетін кім?

2. Пікірталас.

аТеррорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»

ә/ Бұл іске қандай адамдар барады?

б/ Террористік іс-әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?



Тема: Хроника афганской войны 33 годовщина вывода Советских войск из Демократической Республики Афганистан


Цели и задачи: Воспитать учащихся к патриотизму, расширить и углубить знания детей о патриотическом воспитании любить свою Родину. Знать своих героев.

 


7 – мамыр Отан қорғаушылар күні тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры жетерлік. Осы тұста мектебімізде ұранды ердің – ұрпағы атты сынып аралық тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларға ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиетін дәріптеу, отанын қорғай білуге тәрбиелеу. Мектебіміздің ұжымы мектеп ұстаздары ер азаматтарды 7 – мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынып толағай табыстар мен ізгі тілектерін білдірді.





         9 – мамыр Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мерекесіне орай сыныптан тыс іс-шаралар мен тәрбие сағаттары жүргізілді. «Жеңіс балалар көзімен» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өздерінің салған суреттерінде Отанға деген сүйіспеншілік, Отанға деген махаббат құрметтері жасалған жұмыстары көрінді. 9 – мамыр күні Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке округ тұрғындары және мектеп ұжымы бірлесе отырып соғыста қаза болған азаматтарға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.





Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru