р дыбысын қою план 2021-2022 » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сентябрь
2021

р дыбысын қою план 2021-2022

БЕКІТЕМІН

                                                                                                   Мектеп директоры

                                                                                                                  Р.Сагидуллаева__________



«И.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-дефектологтың  «Р» дыбысымен өткізілетін жұмыстың жоспары.







2021-2022 оқу жылы


Мақсаты: Оқушыларға «Р»дыбысын дыбыстауды үйрету

Міндеті: 

  • Дамуында ауытқушылығы бар  балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне  байланысты қолдану.
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету
  • Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта  құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру 

Дефектологтың жұмыс бөліктері:

  -оқушылармен жұмысы;
   -оқытушылармен жұмысы;
   -ата-аналармен жұмысы.







Жұмыс мазмұны 

Өткізу түрі

Мерзімі 

Жауапты

1

Мектептегі оқушылардың сабақтарына қатысу арқылы дыбыстарды толық айта алмайтын оқушыларды тізімдеу.

Жинақтау 

Қыркүйек

Педагог- дефектолог

2

Артикуляциялық жаттығу

Тапсырма беру

Қазан


Педагог- дефектолог

3

Тыныс шығаруын дұрыстауға арналған жаттығу

Тыныс алу түрлері

Қараша 

Педагог- дефектолог

4

Р дыбысын буында дұрыс айтуға дағдыландыру.

Жаттығулар 

Желтоқсан

Педагог- дефектолог

5

Р дыбысын сөзде айтуға машықтандыру.

Жаттығулар 

Қаңтар

Педагог- дефектолог

6

Р дыбысын сөйлемде айтуға машықтандыру.

Іздеу , Табу

Ақпан

Педагог- дефектолог

7

Мәтіндегі р дыбысын тауып ата.

Қадағалау

Наурыз

Педагог- дефектолог

8

Қайталау жаттығулары

Тапсырма

Сәуір 


Педагог- дефектолог

9

Әр оқушыға жекелей қорытынды шығару.

Қорытынды

Мамыр

Педагог- дефектолог





Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлереінің суреті, ойын алаңы, суреттер, Р дыбысы, айна, зонд.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
 
 

Алмасбек, бүгінгі сабағымыз өзгеше болайын деп тұр. Сабаққа көптеген қонақтар келіп отыр. Сен оларға дұрыс және таза сөйлей алатыныңды көрсетуің керек. Олай болса, сабақты бастамас бұрын арнайы жаттығуларды жасайық.

ІІ. Тыныс алу жаттығулары.


ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Алмасбек, бізге жедел  хат келіпті. Қане, алып оқиық. – «Саламатсың ба, Алмасбек! Бізді жалмауыз кемпі…  ұ..лап кетті. Құтқа…а кө…Сенің сүйікті ә..іпте..ің.»

  • Қалай ойлайсың, қандай әріптерді ұрлап кеткен? Мына сөзерге қай дыбыс жетпей тұр. Дыбысты ұзағырақ айтып, артикуляциясын еске түсір. (Р дыбысының артикулыциясына тоқталады.)
  • Еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа тәуелді;
  • Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ;
  • Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
  • Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
  • Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.
  • Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.




Сонымен бүгінгі сабақта Р әрпін құтқарамыз.

ІУ.Артикуляциялық жаттығу

«күрекше», «ат шауып келеді», «тәтті шырын», «алтыбақан», «сағат


У. Тыныс шығаруын дұрыстауға арналған жаттығу.

Ал енді, Р әрпін құтқаруға дайынбыз. Бізге кім көмектесер екен?

Мүмкін біз сиқыршыдан көмек сұрармыз. Сиқыршы бізге өзінің шарын ұсынып тұр. Бұл жәй шар емес, сиқырлы шар. Егер сен оны үрлейтін болсаң, ол сені жалмауыз кемпірге алып барады. (Алмаспен шарды үрлей бастайды)

УІ. Р дыбысын буында дұрыс айтуға дағдыландыру.

(шар бұтақтарға келіп тіреледі)

Бұтақтарды жалмауыз кемпір қойып кеткен болар. Бұл кедергіден өту үшін, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауың керек, сол кезде ғана жол ашылады.

УІІ. Р дыбысын сөзде айтуға машықтандыру.

(шар бөренеге келіп тіреледі)

Жалмауыз кемпір мұнда да жауыздығын жасап, бөренені жолдың бойына қойып кетіпті. Тапсырманы орынап, бөренені орынан жылжытуымыз керек.

УІІІ. Р дыбысын сөйлемде айтуға машықтандыру.

Міне, Р әрпін ұстап тұрған жалмауыз кемпірге де жеттік. Оның айтуы бойынша, ол Р әріптері қатысты сөздерді ұмытып қалыпты, сондықтан Р әрпін ұрлап кетіпті. Оның есіне түсірсек қайтеді? Олай болса, «Мен бастаймын, сен аяқта» ойынын ойнайық. Мына сөз тіркестерін есіңе сақтай дұрыс қайтала.


1.     Рахат Рауанға тәтті ….(алмұрт берді)

  1. Раушан тосапты сары…(өріктен қайнатты)
  2. Рауан ащы……(сарымсақты турады)
  3. Ардақ піскен….(қарбыз әкелді)


ІХ. Мыстан кемпірдің риза болуы.

-Дұрыс енді, осы сөйлемдердің кестелік сызбасын құрап, Р әріптерінің орнын тап.

— Кестелік сызбаны пайдаланып, сөйлемдерді дәптеріңе жаз.


Х. Қорытынды.


ХІ. Үйге тапсырма. Р дыбысы бар сөздер жазып келу.




Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru