Әлеуметтік педагогтың І -тоқсан бойынша жұмыс есебі » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2022

Әлеуметтік педагогтың І -тоқсан бойынша жұмыс есебі

« Алматы  облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

І.Жансүгіров атындағы орта мектебі»КММмен Базаркелді бастауыш мектебі.

2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған

жұмысының 1 тоқсан есебі.


             Мектепте тамыз айының 29 жұлдызында бекітілген өндірістік бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.Сынып жетекшілерден сынып әлеуметтік құжаты алынып, санат бойынша оқушылар тізімге алынып мектеп директорымен бекітілді.

   Тамыз  айында 2022-2023оқу жылына арналған жұмыс жоспарын дайындап, пед кеңес шешімі  отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық, апталық жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды.

    Оқушылардың жеке құжаттарымен танысып, әр түрлі отбасы жағдайына қарай санат тізім жасалды. Көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім және қамқорлыққа алынған балалардың әлеуметтік төлқұжатты жасалды. Мектеп бойынша баланың жалпы саны -407. Көп балалы отбасындағы оқушылар саны 112, аз қамтылған отбасындағы оқушылар саны 18 оның ішінде 4- қазіргі кезде ,7 отбасы АСП алады, жалғыз әкесімен тәрбиеленіп жатқан оқушы саны -14, бір анасымен тәрбиеленіп жатқан оқушы саны 53 , қамқорлықтағы оқушылар жоқ , толық қамтылған отбасыдан шыққан бала саны 311.

   2022 жылдың  қыркүйек айында әлеуметтік жағдайлы және көп балалы      

40 отбасына     37 мың       І.Жансүгіров атындағы орта мектебі МДШО мен Базаркелді бастауыш мектеп КММ және Базаркелді бастауыш мектебіне 

4 отбасына каржылай көмек берілді. 

        Мектепке жол акция барысында тамыз айында 10 балаға жалпыға бірдей білім беру қорынан әр бір балаға 15 мың теңгеден ақшалай көмек берілді.

            2022 жылдың 1 қыркүйегінен 1-11 сыныптар аралығында көпбалалы ,бір анасымен ,бір әкесімен  және аз қамтылған отбасындағы 105 оқушы  тегін ыстық   тамақпен қамтамасыз етілді, оның ішінде 90 оқушы ЖБББ қорынан тегін ыстық  тамақпен қамтылған , 15  оқушы жалға алушы есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылды.Тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тізімі жасалып мектеп директорымен бекітілді. Әр айдың 25 ші жұлдызында  тегін ыстық тамақ ішетін оқушылардың есебін ИП «Л.А.Маесееваға өткізілді және ауданға есеп беріледі. Оқушылардың күнделікті тегін ыстық тамақ ішуін мектеп медбикесі .В.Розбакиева және  асхана талабына сай, тегін ыстық тамақты бақылау кестесі құрылып мектеп директорымен  бекітілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: К.С. Абдуваитов, қамқоршылық кеңесінің төрайымы  И.Воробеева, кәсіподақ төрайымы А.Т.Мырзагулова  әлеуметтік педагог А.С.Окасова кесте бойынша   тексеру жүргізіледі.. Қазан айында   «Көктем» бала-бақша демеушісі Абдувайт Олжас Қайратұлы бастап  бала- бақша ұжымы .... 72 мың көлемінде қаражат... аз қамтылған, көп балалы отбасына азық- түлік көмегі көрсетілді.......  

29 қазан Қамқоршылар күні.Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, патронаттық тәрбиедегі балаларға, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуМектебіміздегі аз қамтылған оқушыға көңіл бөлу мақсатында «Қамқоршылық күніне » көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан және бір анасымен тәрбиеленіп жатқан оқушыларға спорттық киім берілді.  І тоқсан    аяқталуында ІІ тоқсан басталуында сынып жетекшілерден сыныптардың әлеуметтік құжаттары   қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде...










                              Әлеуметтік педагог                 А.С. Окасова 



Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru